2015 жылға Ақтөбе облыстық маслихаты хатшысының азаматтарды қабылдау кестесі

 

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының  Ақтөбе облысы

«Нұр Отан» партиясының филиалының ғимаратында

2016 жылдың сәуір айна арналған сайлаушыларын

ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

 

 

Облыстық мәслихат депутатыныаң аты-жөні

Қабылдау күні

Қабылдау уақыты

1

Бекмұхамбетов Ербол Жасұланұлы

04.04.2016

16:00 18:00

2

Довматенко Дмитрий Адамович

05.04.2016

16:00 18:00

3

Ыбраев Асан Сағинғалиұлы

07.04.2016

16:00 18:00

4

Итеғулов Марат Серғазыұлы

11.04.2016

16:00 18:00

5

Қалдығұлова Сәния Мұсақызы

12.04.2016

16:00 18:00

6

Кенжебаев Кенжеғали Кенжебайұлы

13.04.2016

16:00 18:00

7

Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы

14.04.2016

16:00 18:00

8

Төлегенова Апуажан Төлегенқызы

15.04.2016

16:00 18:00

9

Ни Аркадий Юрьевич

18.04.2016

16:00 18:00

10

Щегельский Всеволод Анатольевич

19.04.2016

16:00 18:00

11

Булатов Асқар Ескендірұлы

20.04.2016

16:00 18:00

12

Айтжанов Асхат Абдрахманұлы

21.04.2016

16:00 18:00

13

Вишняк Сергей Викторович

22.04.2016

16:00 18:00

14

Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы

25.04.2016

16:00 18:00

 

*Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова қабылдауын Ақтөбе облысытық әкімдігінің ғимараты, Әбілхайырхан даңғылы, 40 (каб. №208) мекен жайы бойынша жүргізеді.

 

Қабылдау мекен жайы Ақтөбе қ., Тургенев көшесі, 86 үй

(Тургенев көшесі жағынан келулеріңіз сұралынады.)

Қабылдауға жазылу: 54-51-95

 

Облыстық мәслихаттың кезекті отыз екінші сессиясы өтті

27 мамыр күні №5 Берсиев сайлау округінің депутаты В.А. Щегельскидің төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті отыз екінші сессиясы өтті.


      Сессия жұмысына облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов, облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпараттар қызметінің өкілдері қатысты.  
Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер қаралды:
    «Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған, салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және 2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің баяндамасы туралы»  баяндмашы – облысытқ қаржы басқармасының басшысы А.О.Дәулетова

Толығырақ...

Облыстық мәслихаттың 31 кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Ақтөбеде облыстық мәслихаттың 31 кезектен тыс сессиясы өтті. Күн тәртібінде «Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру туралы» мәселесі қаралды.

Сессия барысында облыс әкiмiн Қазақстан Республикасының Президентi қызметіне тағайындауын мәслихат депутаттары толықтай қолдады.
Өз кезегімен, А. Мұхамбетов Ел басымен депутаттарға сенімшілік білдіргендері үшін ризашылығын білдіріп, болашақта өңірді дамыту үшін бар күш жігерін салатынына уәде берді.
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов 1972 жылы туған, Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген. Мемлекеттік басқару органдарындағы басшы лауазымдарда мол жұмыс тәжірибесі бар. Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданған.
Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Заманбекұлы Байбеков қатысы.

Толығырақ...

Пресс-релиз

27 науырызда Ақтөбе облыстық мәслихатта, №17 Алға сайлау округінің депутаты Ғ.М. Латыповтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті 30 шы сессиясы өтті.


Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды; «Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысының даму жағдайы және келешегі туралы» бұл сұрық бойынша құрылыс басқармасының басшысы Қ.Қ.Нұршин баяндама жасады.

Толығырақ...

Пресс-релиз

24 ақпанда облыстық мәслихатта №18 Ключевой сайлау округінің депутаты Б.Қ. Аманбаевтың төрағалығымен өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

 

    Отырыс жұмысына Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.Н. Исқалиев және облыстық басқармалары мен Ақтөбе қаласы мекемелерінің бөлім басшылары қатысты.

Толығырақ...

Пресс-релиз

2015 жылғы 18 ақпанда  облыстық мәслихаттың депутаты Қ.Н.Тоқтаровтың төрағалығымен әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.


    Комиссияның жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова, комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе қаласы мен аудандық білім бөлімдерінің басшылары, колледж директорлары, БАҚ өкілдері қатысты.
    Күн тәртібінде «Ақтөбе облысындағы білім саласының жағдайы және дамытудың басым бағыттары туралы» және  «Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі» мәселелері қаралды.

Толығырақ...

Пресс-релиз

16 ақпанда облыстық мәслихатта Заречный сайлау округінің депутаты А.С. Ыбраевтың төрағалығымен экономика, қаржы және бюджетжөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.


Отырыс жұмысына Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова және облыстық басқармаларының басшылары қатысты.

 

Толығырақ...

Пресс-релиз

13 ақпанда облыстық мәслихатта № 5 Берсиев сайлау округінің депутаты В.А. Щегельскийдің  төрағалығымен  өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.


Отырыс жұмысына Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова және облыстық басқармаларының басшылары қатысты.

Толығырақ...

Ақтөбе облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті

Облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын «Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысын дамыту жағдайы мен дамуы туралы» сұрағына байланысты, 12 ақпанда, Алға қаласында Ақтөбе облыстық мәслихаттың өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті


    Алға әкімінің «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы» есебінен кейін комиссия мүшелері Алға қаласындағы «Қолжетімді баспана  2020»  бағдарламасы шеңберінде салынған нысандарды  аралап, 2013 жылы қолдануға берілген 59 пәтерлі тұрғын үй мен, 2 қабатты, 8 пәтерлі үйлермен, және жас мамандар  мен жетім балаларға облыстық кешенді жоспар шеңберінде берілген үйлермен, жергілікті полиция болімімен танысты.

Толығырақ...

«Нұр Отан» депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті

9 ақпанда, облыстық мәслихатта, Жанұзақов сайлау округінің депутаты Қ.Д. Елубаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясы мен «Нұр Отан» депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті

     Комиссия жұмысына Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова, облыстық әкім орынбасары М.С. Жұмағазиев, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.

Толығырақ...

Хабарландыру

2015 жылғы 18 ақпанда сағат 10.00-де облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 кабинет), «Ақтөбе облысындағы білім саласының жағдайы және дамытудың басым бағыттары туралы» мәселе қаралатындығын хабардар етеміз.

Пресс-релиз

     2015 жылдың 6 ақпанында сағ. 11.00 ҚХА жылы Туын көтерудің салтанатты рәсімі барлық өңірлерде синхрон - акцияның салтанатты бастауы өтеді.
     Біздің облыста 2015 жылдың 6 ақпанында  сағат 10.00-де «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының аланында және барлық аудан орталықтарында Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылы Жалауын  көтеруінің салтанаты өткізілді.
    Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының синхрон акциясының салтанатты ашылуымен  облыс әкімі А.Мұхамбетов  барлық облыс тұрғындарын  атаулы күнмен құттықтап, Қазақстан Республикасы Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының ашылуына арналған құттықтау сөзін оқып берді.

Толығырақ...

Баспасөз хабарламасы

10 желтоқсанда Ақтөбе облыстық мәслихатында Мясоедов сайлау округінің депутаты М.С. Итеғұловтың төрағалығымен, облыстық мәслихаттың кезекті жиырма сегізінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Ақтөбе облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова, облыстық департаменттер мен басқармаларының басшылары, қалалық және аудандық мәслихатының хатшылары және бұқаралық ақпарат қызметінің өкілдері қатысты.

Толығырақ...

Баспасөз хабарламасы

14 қарашада Т.Ахтанов атындағы Дама театрырында, Қазақстан Республикасының мәслихаттарының құрылуына 20 толуына байланысты мерекелік шара өткізілді.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл толды.
Мерекелік шараға Ақтөбе облысының әкімі А. Б. Мұхамбетов, облыстық аудандық және қалалық мәслихатының депутаттары, облыстық басқармаларының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Мерекелік шара «Ақтөбе обдыстық мәслихаты: кеше, бүгін, ертең» фильмінің көрсетілімімен Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлованың құттықтау сөзінен басталды.
Ақтөбе облыстық мәслихатының бірінші хатшысы (1994-1999ж.ж.) Жоламанов Балихан Жүсіпұлы мен Ақтөбе облысының прокуроры Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы құттықтау сөзін сөйледі.

Толығырақ...

Баспасөз хабарламасы

7 қарашада «Қазақстан мәслихаттарына 20 - жыл» меркесіне орай, облыстық мәслихаттың I-IV шақырылымының депутаттарына мерекелік медальдерді тарту рәсімі өткізілді.


Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлованың қолынан Ақтөбе облыстық мәслихатының I-IV – шақырылым депутаттары, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін мерекелік медальдарымен және алғыс хаттарымен марапатталынды. Барлығы 52 адам.

Толығырақ...

Баспасөз хабарламасы

28 қазан күні «Қазақстан мәслихаттарына 20 - жыл» меркесіне орай, салтанатты медальдерді тарту рәсімі өткізілді.
Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлованың қолынан Ақтөбе облыстық мәслихатының V – шақырылым депутаттары, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін мерекелік медальдарымен марапатталынды.

 

Толығырақ...

Баспасөз хабарламасы

23 қазан күні Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова жас сарбаздарды шығарып салу рәсіміне қатысты.
Ақтөбелік 50 бозбала бүгін әскери борышын өтеу үшін Отарға аттанып кетті. Жас сарбаздарды шығарып салу рәсімі Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта өтті. Бүгін "Әскерге шақырушылар күні" деп жарияланған.
Тутұғыр маңында үш ұрпақтың өкілі: әскери саланың ардагерлері, бүгінгі сарбаздар мен ертеңгі отан қорғаушылар кездесті. Осы күзде 800 ақтөбелік бозбала әскер қатарына алынуы тиіс. Күзгі шақырту науқаны басталғалы біздің облыстан 150 жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.
Қорғаныс саласының ардагерлері жоғары сынып оқушылары мен студенттерге әскерге бару азаматтық борыш екенін түсіндірді. Қараша айында елімізде бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен тұңғыш республикалық әскери-патриоттық форум өтеді. Оған Ақтөбеден 40 адамнан құралған делегация барады.

Баспасөз хабарламасы

8 қазанда №4 Мясоедов сайлау округінің депутаты М.С. Итеғұлов төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов және оның орынбасарлары Ақтөбе облыс мәслихатының депутаты С.М. Қалдығұлова, сонымен қатар облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұрағы қаралды.
Бұл сұрақ бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Ә.Айдашева мәлімет етті.
Депутаттар баяндамашыға бірқатар сұрақ қойып, «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімін қабылдады.

 

Толығырақ...

Баспасөз хабарламасы

1 қазанда, Ақтөбе облыстық әкімдігінің мәжіліс залында ҚазақстанРеспубликасы Парламентінің Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысы өтті.
2008 жылдың қазаында сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттарының өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты, Сенат депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2014 жылдың 1 қазанына тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 77 бабының 1 тармағына сәйкес өткізілді.
Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова бірлескен отырыста төрағалық етті.

Толығырақ...

Баспасөз хабарламасы

Сәрсенбі күні 10 қыркүйекте облыстық мәслихатта №18 Ключевой сайлай округінің депутаты Б.Қ. Аманбаевтың төрағалығыменө және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия жұмысына Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, сәулет және қала құрылысы басқармасының, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармасының, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылары қатысты.
Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айдашева «2020 жылға дейін Ақтөбе агломерациясын дамыту жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы» туралы баяндама жасап, бұл мәселені депутаттар қарауына ұсынды.