Баспасөз хабарламасы

14 қарашада Т.Ахтанов атындағы Дама театрырында, Қазақстан Республикасының мәслихаттарының құрылуына 20 толуына байланысты мерекелік шара өткізілді.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл толды.
Мерекелік шараға Ақтөбе облысының әкімі А. Б. Мұхамбетов, облыстық аудандық және қалалық мәслихатының депутаттары, облыстық басқармаларының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Мерекелік шара «Ақтөбе обдыстық мәслихаты: кеше, бүгін, ертең» фильмінің көрсетілімімен Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлованың құттықтау сөзінен басталды.
Ақтөбе облыстық мәслихатының бірінші хатшысы (1994-1999ж.ж.) Жоламанов Балихан Жүсіпұлы мен Ақтөбе облысының прокуроры Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы құттықтау сөзін сөйледі.

Облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов 75 депутатқа алғыс хаттар, төсбелгі мен ведосмтволық наградаларын тарту етті.
Мерекелік шара салтанатты концертпен аяқталды.