Баспасөз хабарламасы

28 қазан күні «Қазақстан мәслихаттарына 20 - жыл» меркесіне орай, салтанатты медальдерді тарту рәсімі өткізілді.
Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлованың қолынан Ақтөбе облыстық мәслихатының V – шақырылым депутаттары, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін мерекелік медальдарымен марапатталынды.

 

 

28 қазан күні №9 Сейфулин сайлау округінің депутаты Қ.Н. Тоқтаровтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың әлеуметтік -мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова, облыстық басқармалардың басшылары, емдеу-алдын алу мекемелерінің бас дәрігерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өкілеттігі» мәселесі қаралады.

Бұл сұрақ бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ә.Ә. Қалиев хабарлама жасады.
Ә.Ә. Қалиев отырысқа қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексі 18 қыркүйек 2009 жылғы №193 – IV қабылданды. Соңғы 5 жылда енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы айтып берді.
Сонмыен қатар Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы 18 қыркүйек 2009 жылғы 2 бөлім, 4 бап бойынша Денсаулық сақтаудық мемлекеттік саясаты- азаматтардың қауіпсіз, тиімді, сапалы медициналық көмек алуын қамтамасыз ету, ана мен баланы қорғау, жаңа технологияны пайдалануда үздіксіз медициналық, фармацевтикалық білім беру, және тағы басқа принциптертерімен бойынша өткізілуі тиістігін атап өтті.
Басқарма басшысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР кодексінің іске асыру мақсатында 2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, бағдарламаның басты бағыттары орындалғанын және мақсаттарды орындау жұмысы жалғастырып жатырғанын атап, 18 қыркүйек 2009 жылғы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР кодексінің 11,6 пункттерін орындауда және ҚР үкіметінің 19 ақпан 2014 жылғы №114 «ҚР Денсаулық сақтаудың нормативтерін бекіту» медициналық ұйымдардың желісі пайда болдғанын атап өтті.

 

Сол күні Ключевой сйлау округінің депутаты Б.Қ.Аманбаевтың төрағалығымен өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібінде «Ақтөбе облысының энергия үнемдеудің 2012-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарының орындалу барысы» туралы мәселесі қаралды.
Бұл тақырып бойынша энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Ж.Ә.Жұбанышев хабарлама жасады.