Баспасөз хабарламасы

23 қазан күні Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова жас сарбаздарды шығарып салу рәсіміне қатысты.
Ақтөбелік 50 бозбала бүгін әскери борышын өтеу үшін Отарға аттанып кетті. Жас сарбаздарды шығарып салу рәсімі Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта өтті. Бүгін "Әскерге шақырушылар күні" деп жарияланған.
Тутұғыр маңында үш ұрпақтың өкілі: әскери саланың ардагерлері, бүгінгі сарбаздар мен ертеңгі отан қорғаушылар кездесті. Осы күзде 800 ақтөбелік бозбала әскер қатарына алынуы тиіс. Күзгі шақырту науқаны басталғалы біздің облыстан 150 жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.
Қорғаныс саласының ардагерлері жоғары сынып оқушылары мен студенттерге әскерге бару азаматтық борыш екенін түсіндірді. Қараша айында елімізде бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен тұңғыш республикалық әскери-патриоттық форум өтеді. Оған Ақтөбеден 40 адамнан құралған делегация барады.