Баспасөз хабарламасы

8 қазанда №4 Мясоедов сайлау округінің депутаты М.С. Итеғұлов төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов және оның орынбасарлары Ақтөбе облыс мәслихатының депутаты С.М. Қалдығұлова, сонымен қатар облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұрағы қаралды.
Бұл сұрақ бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Ә.Айдашева мәлімет етті.
Депутаттар баяндамашыға бірқатар сұрақ қойып, «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімін қабылдады.

 


Екінші «Ақтөбе қаласының Бас жоспарының жобасы туралы» сұрағы бойынша сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Н. А.Боранбаев және «Градкомплекс» ЖШС директоры Н. А. Аужанов мәлімет етті.
Бас жоспардың ішіне қала сәулетін кеңейту, өркендету сонымен қатар демографиялық, әлеуметтік – экономикалық, аумақтық- жоспарлық, функционалды – жоспарлық, сәулетті – кеңістік аумақтарының ұйымдастыру, көлікті – инженерлік және экологиялық ортаны жақсарту жағдайларды нығайту жоспарлары енгізілді . Бұл Бас жоспар қала құрылысы жүйесінің аралық документі болып табылады және әдеттегідей облыстық жоспарлаудың кезеңінен кейін жасалынады.
Бас жоспардан кейін толық нұсқалау және аумақтық құрылыс жобалары басталады. Бас жоба қаланың стратегиялық, құрылымды, инженерлі-көліктік бағыттарында дамуын қарастырады.

 

Депутаттар баяндамашыға бір салымды үйлер мен жеке салымды құрылымдарға байланысты сұрақ қойған соң, Ақтөбе қаласынын Бас жоспарының жобасын мақұлдап, Бас жоспардың жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізілу туралы шешім қабылдады.