Баспасөз хабарламасы

1 қазанда, Ақтөбе облыстық әкімдігінің мәжіліс залында ҚазақстанРеспубликасы Парламентінің Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысы өтті.
2008 жылдың қазаында сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттарының өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты, Сенат депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2014 жылдың 1 қазанына тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 77 бабының 1 тармағына сәйкес өткізілді.
Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова бірлескен отырыста төрағалық етті.


Бірлескен отырысқа облыстық сайлау комиссиясының төрайымы, комиссия мүшелері, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден, байқаушылар, депутаттыққа кандидаттардың сенім білдрген адамдары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысы
Сайлаушылар отырысының жұмысына Тәуелсіз Мемлекеттер Достығынан миссия өкілдері: Орынбор облысының сыртқы байланыс пен мәдениет министірлігі басқармасының басшысының орынбасары -Кузнецов С.А., Орынбор облысының кәсіпкерлерінің құқығын қорғау өкілі - Коршунов В. А. – және Орынбор облысының сайлау комиссиясының төрағасы Нальвадов А. Ю. қатысты.

Облыстық сайлау комиссиясының дауыстарды санаудың нәтижелері бойынша Тагимов Марат сайлаушылардың 90,5 % дауысын жинап, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.