Баспасөз хабарламасы

19 тамызда №18 Ключевой сайлау округінің депутаты Аманбаев Бөгежан Қадырханұлы төрағалығымен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы түріндегі көпшіліктік тыңдау өтті.

Көпшілік тыңдауға Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова, «Нұр Отан» депутаттық фракциясының, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақтөбе филиалының қызметі туралы» сұрағы қаралды.

Осы сұрақ бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Акционерлік Қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Г.Ы. Дабылова мәлімет етті.

Отырыс соңында депутаттар тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысына сәйкесті қауылы қабылдады.