«Мектепке жол» акциясы

15 тамыз күні облыстық мәслихатының депутаттары Ақтөбе қаласының мектеп оқушыларына арнап «Мектепке жол» акциясын өткізді.
Аталмыш шараға Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова, оқушылардың ата-аналары, жергілікті білім беру басқармасының өкілдері қатысты.
Қазақстан республикасының президентінің тапсырмасы бойынша біздің елімізде акция жетінші рет өткелі жатыр.

 


Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова:
«Адам өмріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырмдлық, мейрімдлік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Осылайша Ақтөбе облысымызда аталмыш акцияның ұйымдастрлуы дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді».

 

Кіріспе сөздің аяғында депутаттар жекелей әр оқушыға дайындалған сыйларын ақ тілектерімен қоса тарту етті.
Балаларға келе жатқан оқу жылнда қажетті болатын; мектептік форма, аяқ-киім, арқа қоржындар, спорттық киім - кешек, тәттіліктер және естелік сувинирлерді тарту етілді.