«Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасының жобасы

www.nurotan.kz
«Нұр Отанның» XV съезінде партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Саяси көшбасшылықтың принципті мәселесі ретінде сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресудің стратегиясын әзірлеуді» тапсырған. Аталған тапсырманы жүзеге асыру және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын жасау мақсатында «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаты Нұрлан Әбдіровтің басшылығымен жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының құрамына танымал заңгерлер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері кірді. Жұмыс тобы мүшелерінің толық тізімі мына жерде.

2008 жылдан бері қолданыстағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарлама тұтастай алғанда қойылған міндеттерді жүзеге асыруға негіз болды. Тек бағдарлама қоғамның, уақыттың өзгерістеріне сай жаңартуды талап етеді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы міндеттері және партия Доктринасы басымдықтары ескерілген Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағдарламасы мемлекеттің және тұтас қоғамның күшін жемқорлыққа қарсы жұмылдыруға бағытталды.

 

Көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін құжатта азаматтық қоғамды, бизнес қауымдастығын жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, мемлекеттік органдардың, корпоративтік сектордың қызметіне бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу, көлеңкелі экономикаға тосқауыл қою қарастырылды. Сонымен қатар, қоғамда жемқорлыққа төзімсіздік мәдениетін және білім мен тәрбиенің барлық деңгейінде жемқорлыққа қарсы дағды моделін қалыптастыру да қамтылған.

Жұртшылық назарына ұсынылған Бағдарлама жобасына сәйкес, жемқорлыққа қарсы іс-шараларда негізінен бастауыш партия ұйымдарының маңызын арттыру көзделген. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие жүйесі, партияның Жемқорлықпен күресу бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Баяндаманы жариялау сияқты механизмдерді және басқа да жаңалықтарды енгізу қарастырылған.

Бағдарламаның басты міндеті - Қазақстанда маңызды үш элементтен тұратын жүйені құру. Біріншісі, азаматтарға қызмет ететін тиімді мемлекет, екіншіден, ол - экономикалық дамудың қозғаушы күші, азаматтық қоғамның тірегі ретіндегі мықты бизнес, үшіншіден, жауапкершілікті азаматтық қоғам.

Бағдарламаның тиімді жүзеге асырылуы үшін әр бес жыл сайын Жол картасы, ал жыл сайын Іс-шаралар жоспары әзірленеді деп жоспарлануда.

Құжат мәтініне қатысты ұсыныс пен ескертулеріңіз болса, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. сайтына жолдауларыңызға болады.

«Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасының жобасын осы жерден жүктей аласыз.