Баспасөз хабарламасы

5 тамызда Жанұзак сайлау округінің депутаты Елюбаев Қ.Д. төрағалық еткен заңдылық, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның және «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М. Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары М.М. Тағымов, тәртіптік кеңесінің мүшелері, облыстық және қалалық департаменттерінің басшылары, құқық қорғау органдарымен бұқаралық ақпарат қызметтерінің өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарының орындау барысы туралы» және «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасын талқылау» сұрақтары қаралды.
Бірінші сұрақ бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Б.Сүйінбаев, Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясының сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу басқармасының бастығы Е.Н.Мұрзағалиев және Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі С.С. Дәулетов мәлімет етті.


Депуттатр мемлекеттік қызметінің жұмысшылары арасында кездесетін сыбайлас жемқорлықтың бас себептері бойынша сұрақтар қойды.

Сондай – ақ депутаттар сыбайлас жемқорлықты алдын алу, жемқорлыққа жол бермеу, құқық бұзушылықпен сыбайластықты тергеу, тұрғындар арасындағы заң бұзушылықты алдын алу мақсатында құқықтық тәрбие мен құқықты насихаттау жұмысын жеделдету, әсіресе идаралық бағыныстағы ұйымдардың заң бұзушылығының жауапкершілігі мен ретсіздігін түсіндіру жұмысын айрықша бақылауға алу мен, Қазақстан Респуликасының мемлекеттік сатып алу заңдарының талабтарын сақтау сұрақтарына айрықша көңіл бөлді.
Облыстық мәслихатының отырысы барысында депутаттардың айтылған ұсыныстарын ескере отыра аталған сұрақ бойынша комиссия отырысында қауылы қабылданды.
Екінші сұрақ бойынша «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Н.С.Ағниязов мәлімет етті.