Жайсан ауылының арнайы мектеп- интернатының балаларына қайырымдылық акциясы өтті

№4 Мясоедовский сайлау округінің депутаты М.С. Итеғұлов пен Пацаев сайлау округінің депутаты Д.А. Довматенко Жайсан ауылының арнайы мектеп- интернатының балаларына қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Балаларды Ақтөбенің ойын-сауық кешендерінде, «Айс» сүт өндіру зауытында балмұздақпен астандырып экскурсия өткізген соң картинг орталығында сырғанатты.
Ұйымдастырылған шарадан соң, интернат тәрбиеленушілеріне облыстық Достық үйінде өткен концерттік бағдарлама соңында естелікті сыйлықтар тарту етті.