Құрметті облыс тұрғындары!

0006Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды!
Әдетте, Жаңа жыл қарсаңында өткен жылдың қорытындыларын жасаймыз. Өтіп бара жатқан 2022 жыл оң және қуанышты оқиғаларға толы болғанын сезіну жүректі жылытатыны сөзсіз!
Облыста тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталуда. Қазіргі уақытта ақтөбеліктердің 98 пайызы таза ауыз сумен, 93 пайыздан астамы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Биыл 536 шақырым жол жөнделіп, экологиялық мәселелер шешіліп, 33 000-ға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл 2022 жылы бізді қуантқан жағымды оқиғалардың бір бөлігі ғана.
Құрметті облыс тұрғындары!
Алда жаңа, 2023 жыл күтіп тұр. Оның қандай қуанышты, жаңа жетістіктерге толы болатыны біздің өзімізге байланысты; отбасыларымыздың, демек, біздің өлкеміздің, еліміздің әл-ауқатын құра отырып, қандай күш-жігермен жұмыс істейтінімізге байланысты. Алдағы жылы әр отбасымызда береке-бірлік болып, балалардың бақытты, қуанышты күлкісі үзілмесін!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз, жаңа жылда барлық арман-тілектеріңіз орындалсын!

Шынайы құрметпен,
Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов
Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы