Ақтөбеге келген «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тулеубек Мукашев Ақтөбе облысы мәслихаттарының депутаттарымен кездесті.
Кездесу актив отырысы барысында өтті және оған облыс әкімі Ералы Тоғжанов, кездесудің модераторы болған облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, депутаттар, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ардагерлер, жұртшылық өкілдері қатысты.
Актив отырысының тақырыбы - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын қамтамасыз етуге және сапалы іске асыруға байланысты мәселелер болды.
Тулеубек Мукашев өз сөзінде қазақстандықтардың өмір сүру сапасын және олардың әл ауқатын арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігіне баса назар аударды.
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге, сондай - ақ адамдардың өмір сүру жағдайлары мен сапасын жақсартуға ерекше назар аударды, - деп атап өтті баяндамашы. - Біз Қазақстан халқы мен мемлекетінің болашағы үшін қажетті жағдайдың бәрін жасайтынымызға сенімдімін.
Ел Президентінің тапсырмаларын ескере отырып, облыстық мәслихат сессиясында өңіріміздің экономикасын дамыту, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және тұрақтылықты сақтау жолдары талқыланғанын айта келе, Ералы Тоғжанов осыған байланысты алдағы 3 жылға арналған бюджет бекітілгенін айтты.
- Біздің Президенттің тапсырмаларын ескере отырып, әлеуметтік міндеттерді шешуге бюджет қаражатының 64,3% бағытталатын болады, - деп сөзін толықтырды облыс әкімі. - Өңірде тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталуда. Инвестициялар тарту және ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар нақты шаралар қабылданды. Тұрғындардың 98% таза ауыз сумен, 93,4% табиғи газбен қамтамасыз етілді. 536 шақырым жол жөнделді, жыл қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 72% құрайды.
Экологиялық мәселелер де шешілуде, облыста 33 000 жуық жаңа жұмыс орындары құрылды, оның 48% тұрақты жұмыс орындары болып табылады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы еліміздің бүгіні мен болашағын айқындайтын маңызды құжат болып табылады. Сондықтан біз жоспарлар мен жобаларды құрумен шектелмейміз, біз барлық бағыттар бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізуге ниеттіміз».
Баяндама жасаған облыстық мәслихаттың хатшысы мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен мемлекет Басшысының сайлауалды бағдарламасының ережелерін түсіндіру және іске асыру жөніндегі іс-қимылдардың негізгі бағыттарын айтты.
- Біздің басты мақсатымыз - әділ Қазақстан құру. Сайлауалды бағдарлама елдің өзара байланысты үш қағидатқа негізделген жаңа мемлекеттік саясатқа көшуін көздейді: әділ мемлекет - әділ экономика - әділ қоғам, - деп атап өтті баяндамашы. - Әділетті мемлекет «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын ұстана отырып, саяси жаңғыртуды жалғастыруға ұмтылады».
Ақтөбе облысы
Мәслихатының баспасөз қызметі