Баспасөз хабарламасы

201222Депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты энергетика секторының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Оразбек Далмағамбетов бастаған депутаттар «Динар-Электромаш» ЖШС кәсіпорнында болып, кәсіби мереке – Энергетика күнімен құттықтап, облыстық мәслихат атынан кәсіпорынның үздік қызметкерлеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті.
- Энергетика күні, бұл адамдарды тәулік бойы жанқиярлық және адал еңбегімен электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ететін жұмысшылардың мерекесі. Сіздер өркениеттің негізгі игіліктерінің жолын қалап, еңбек вахтаңызды адал, абыроймен алып жүрсіздер, - деді Оразбек Далмағамбетов.

Облыстық мәслихат депутаты Гүлжанат Ерғазина құттықтауларға қосылып, кәсіпорын басшысы Сергей Вишняктың елдің энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі зор екенін атап өтті.
- Қаланың энергетика саласымен байланысты ірі кәсіпорындардың бірінің басшысы ретінде, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты бола отырып, Сіз біздің өңіріміз бен еліміздің игілігі жолындағы жұмысыңызды жалғастырып келесіз, - деп атап өтті Гүлжанат Ерғазина.

Ақтөбе облысы
мәслихатының баспасөз қызметі