Ақтөбе облыстық мәслихаты

Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық көлік жолында автомобиль апатынан зардап шеккен Ақтөбе спортшыларының туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады және апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді.
Өздеріңіз білетіндей, 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық көлік жолында Toyota Estima автокөлігі аударылып, жаттықтырушы және волейбол командасының жас мүшелері ауыр жарақаттар алып, олардың бірі қайтыс болды.
Облыс жолдарында жолаушылар зардап шегетін көлік апаттары жиілеп кетті. Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты облыстық мәслихат депутаттары Ақтөбе облысының жүргізушілерінен, қонақтарынан және тұрғындарынан көлік жолдарында өте мұқият және сақ болуды және жол қозғалысы Ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов
Ақтөбе облысы мәслихатының
хатшысы