Баспасөз хабарламасы

1512220Облыстық мәслихат депутаттары Тәуелсіздік күніне арналған мұражай экспозициясымен танысып, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ студенттерімен ашық сабақ өткізді.
Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Оразбек Далмағамбетов бастаған облыс депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелерінің тобы облыстық өлкетану мұражайына барып, Қазақстанның Тәуелсіздігіне арналған экспозициямен танысты.
Депутаттар мұражай қызметкерлерімен кездесіп, депутаттық корпустың, облыстық мәслихаттың қызметі туралы айтып, біздің тарихымызға, тәуелсіздігімізге арналған көрмелер мен экспозицияларды ұйымдастыру арқылы патриотизмге тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Облыстық мәслихат депутаты Бақытқан Жанша басқарған депутаттық топтың тағы бір нысаны Қ. Жұбанов атындағы АӨУ жоғары оқу орны болды.
Мұнда депутаттар филология, археология және басқа да факультеттердің студенттерімен кездесіп, Қазақстан Тәуелсіздігі тақырыбында ашық сабақ өткізді.


Депутаттар жас ұрпақ өкілдеріне елдің өз елін сүйетін сауатты кадрларға мұқтаж екенін айтты.
- Жас ұрпақтың терең, жан-жақты білім алуы өте маңызды, өйткені Сіздер болашақта ірі кәсіпорындардың рулінде тұрып, мемлекеттік мекемелерді басқаруларыңыз керек, - деп атап өтті Бақытқан Жанша.

Ақтөбе облысы
мәслихатының баспасөз қызметі