Қымбатты Ақтөбе облысының тұрғындары!

16dec-nugmanovОблыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Сіздерді Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Отанымыздың бостандығы мен ұлылығын паш ететін бұл мереке әрбір қазақстандық үшін айрықша қымбат. Тәуелсіздіктің осы онжылдықтарында қол жеткізген Қазақстанның барлық жетістіктері мен жеңістері, ең алдымен, барлық қазақстандықтардың бірлігі мен татулығының айқын көрінісі болып табылады.
Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтар әлемде маңызды орын алатын демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алды.
Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы өз ата-бабаларының ісін сенімді түрде жалғастырып, Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен жалғастыратынына күмән жоқ.
Құрметті жерлестер!
Осы айтулы күні депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты әрбір отбасына бейбітшілік пен келісім, амандық және құт-береке тілейді! Шаңырақтарыңыз шаттық пен бақытқа толсын. Тәуелсіздік күні құтты болсын!

 

Ізгі ниетпен,
Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов
Ақтөбе облысы мәслихатының хатшысы