Баспасөз хабарламасы

151222Облыстық мәслихат депутаттары кезекті сессияда 15 мәселені қарады.
Облыстық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібіндегі мәселелердің бірі - алдағы 3 жылға арналған бюджет, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау, облыстың қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және жерлеу Қағидаларын өзгерту болды.
Сессия жұмысына облыс әкімі Ералы Тоғжанов, облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов, облыстық мәслихат депутаттары, аудандық және қалалық мәслихат хатшылары, қоғам өкілдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес бірінші болып 2023-2025 жылдарға арналған бюджет мәселесі қаралды. Осы тақырыпта облыс әкімінің орынбасары Гүлкасима Сүйентаева баяндама жасады.

Ұлттық экономика министрлігінің есептеулеріне сәйкес, трансферттерді есепке алмағанда 3 жылға арналған облыс бюджетінің көлемі 1 480,4 миллиард теңгені құрайды. Жылдар бөлінісінде бұл сома 2023 жылы – 462,6 миллиард теңгені, 2024 жылы – 490,1 миллиард теңгені, 2025 жылы – 527,7 миллиард теңгені құрайды.
Бюджет қаражатының басым бөлігін, 64,3 пайызды әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бөлу жоспарлануда.
Мәселен, білім беруге 201 миллиард теңгеден астам, спортқа – 15,3 миллиард теңге, денсаулық сақтауға – 8 миллиард теңге, Жұмыспен қамту басқармасына – 15 миллиард теңгеге жуық, мәдениет саласына – 6 миллиард теңге жұмсау жоспарлануда.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары депутаттарға облыстық бюджет пен Ақтөбе қаласының, аудандардың 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы, облыстық мәслихаттың 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет және Ақтөбе облысының аумағын 2021-2025 жылдарға арналған дамыту жоспары туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндады.
«Ауыл аманаты» жобасын іске асыру туралы айта келе, Гүлкасима Сүйентаева жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 3,5 миллиард теңге бөлінгенін еске салды. Сонымен қатар, қосымша 62 миллиард теңге қажет.
- Осы жоба аясында тауарлық несиелендіруді қолдаған кәсіпкерлерімізге және шаруа қожалықтарының басшыларына алғысымды білдіремін, - деді Ералы Тоғжанов. – 6 мыңнан астам басты олар «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру үшін беруге дайын, ал біздің облысқа бөлінген 3,5 миллиард теңгені құс шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, балық шаруашылығын дамытуға бағыттау қажет, өйткені, мысал келтіретін болсақ, облыс халқы құс етімен 5 пайызға ғана қамтамасыз етілген.


Облыс әкімі облыстың автожолдарын жөндеу мәселесіне тоқталып, облыстық, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар жөнделіп, жаңалары салынатынын атап өтті. Ол сондай-ақ ақтөбеліктер үшін медициналық қызметтер саласында тең мүмкіндіктер туғызу үшін жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.
- Бұл жаңа технологияларды кеңінен енгізу арқылы мүмкін болады, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Облыстық спорт басқармасының басшысы облыстық мәслихаттың «Ақтөбе қаласында теннис корттарын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы шешіміне кейбір өзгерістер енгізуді ұсынды. Депутаттар күн тәртібіне сәйкес басқа да мәселелерді қарады.
Сессия барысында облыста белгілі бірқатар ақтөбеліктерге «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру мәселесі де қаралды.
Барлық мәселелерді талқылап, баяндамашыларға сұрақтар қойып депутаттар тиісті шешімдерді қабылдады.
Сессия жұмысын аяқтай отырып, облыс әкімі облыста іске асырылатын жаңа жобалар туралы қысқаша еске салып, басты міндеттердің бірі, басқалармен қатар, елді мекендерді газдандыру болып табылатынын атап өтті.

Ақтөбе облысы
мәслихатының баспасөз қызметі