Облыстық мәслихат хатшысы облыс әкімі мен облыс депутаттарының атынан прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекелері - Прокуратура күнімен құттықтады.
Салтанатты шара облыстық прокуратура ғимаратында өтті.
Мерекелік іс-шараны облыстық прокуратураның басшысы Халидулла Дауешов құттықтау сөзімен ашты. Ол өз сөзінде тәуелсіз мемлекетіміздің прокуратурасының қалыптасуы туралы айтып өтті.
- Осы айтулы күні прокуратура ардагерлеріне жанқиярлық еңбегі үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді және кәсіби мерекесін алғаш рет атап отырған қызметкерлерге, осы абыройлы мамандықтағы алғашқы қадамдарын бастаған жас мамандарға сәттілік тілеймін, - деп атап өтті облыс прокуроры.
Амангелді Нұғманов облыс әкімі мен мәслихат депутаттарының атынан ардагерлер мен прокуратура қызметкерлерін мерекемен құттықтады.
- Прокуратура органдары қызметкерлерінің елдегі конституциялық құрылым пен заңдылықты қолдауға, мемлекеттің озық дамуын қамтамасыз етуде елеулі табыстарға қол жеткізуге күш-жігері мен қосқан үлесі елеулі және ерекше орын алады, - деп атап өтті облыстық мәслихат хатшысы. - Прокуратура органдарының қызметкерлеріне әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, барлығының заң алдындағы теңдігі бойынша жауапкершіліктің ауыртпалығы жүктеледі.
Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі