Баспасөз хабарламасы

020922Құрметті прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері!
Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Сіздерді кәсіби мереке – прокуратура Күнімен шын жүректен құттықтайды!
Қазақстанның мемлекеттік прокуратурасы өткен ғасырдың 1922 жылы құрылып, осы жылдар ішінде өзінің қалыптасуы мен дамуының үлкен кезеңдерінен өтті.
Прокуратура органдарының көптеген қызметкерлерін де сталиндік қуғын сүргін айналып өтпеді, Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға аттанып, қанды шайқастарда жүздеген тергеушілер мен прокурорлар қаза тапты.

1991 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстанда прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі құрылды және бұл күн прокуратура органдарының кәсіби мерекесінің Жаңа күні болды.
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында прокуратура органдарының қызметкерлері еліміздің заңдарының сақталуын қатаң бақылауды жүзеге асыра отырып, өздерін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нағыз қорғаушылары ретінде көрсетті.
Қазір Қазақстанның прокуратура органдары біздің қоғам өмірінің маңызды жақтарын қадағалауды қамти отырып, әлі де тиімді құқық қорғау миссиясы мен заңның үстемдігін табысты жүзеге асыруда.
Құрметті прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері!
Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Сіздерді кәсіби мереке – прокуратура Күнімен шын жүректен құттықтайды!
Отбасыларыңызға денсаулық, амандық және бақыт тілейміз!

Ізгі ниетпен,
Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов
Ақтөбе облысы мәслихатының
хатшысы