Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының көпшілік даусымен ашық дауыс беру нәтижесінде Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды.
Ақтөбе облысы әкімінің лауазымына үміткер екінші адам - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімі Асқар Жүсібалиев дауыс берушілердің аз санын жинады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығымен бекітілген облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе Республикалық маңызы бар қалалар мен Астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және Астана әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру Қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес, Облыс әкімі 2022 жылғы 1 желтоқсанда өткен депутаттар жиналысында депутаттардың келісімін алды.
Депутаттарға облыс әкімі лауазымына кандидатураларды ұсыну үшін Астанадан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеңесшісі Ерлан Қарин келді.
Жиналысты Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Амангелді Нұғманов жүргізді.
Мемлекеттік кеңесші депутаттарға Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына екі кандидатураны – Ералы Тоғжанов пен Асқар Жүсібалиевті қарауға енгізу туралы ұсынысын оқыды.
Ақтөбе облысы
мәслихатының баспасөз қызметі