Баспасөз хабарламасы

3011222023-2025 жылдарға арналған бюджеттік шығыстар жоспарларын облыстық ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария басқармаларының басшылары баяндады.
Осы мемлекеттік мекемелердің басшылары депутаттар алдында жұмыс тобының және облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында өз баяндамаларын айтты.
Мәселен, ауыл шаруашылығы басқармасы 2023 жылға 16 миллиард теңгеден астам, 2024 жылға – 15,6 миллиард, 2025 жылға – 15,7 миллиард теңге шығыстар бюджетін жоспарлап отыр. Жалпы алғанда, үш жылға арналған бюджет 47,3 миллиард теңгеден асады.

Бұл ақшаға, басқалармен қатар, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға, биоагенттердің, пестицидтердің құнын, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдерімен күресуге, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге және т.б. бағытталатын болады.


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығыстарының жобасын жалпы сомасы 6,8 миллиард теңгеден астам сомаға ұсынды.
Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай өзі басқаратын басқарманың бюджеттік шығыстарының жалпы сомасы 6,5 миллиард теңгеден асатынын баяндады.
Баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойып, депутаттар тиісті қаулы қабылдады.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі