Ақтөбе облыстық мәслихаты

01Құрметті ауыл шаруашылығы саласының, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің ардагерлері мен қызметкерлері!
Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Cізді кәсіби мереке – ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің Күнімен шын жүректен құттықтайды!
Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының негізгі салаларының бірі. Дәл осы аграрлық сала қызметкерлері, мал өсірушілер, ауыл шаруашылығы мекемелерінің басшылары мен мамандары, еліміздің азық-түлік және қайта өңдеу индустриясының қызметкерлері өздерінің адал және абыройлы еңбектерімен мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор және оның басты міндеттерінің бірі - қазақстандықтарды өз өнімдерімен толық қамтамасыз ету болып қала береді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласын толыққанды әртараптандыру жүріп жатыр, цифрландыру, заманауи инновациялық агротехнологиялар кеңінен енгізілуде, адами капиталдың сапасы артып келеді.

Қазақстан таяу болашақта әлемдік азық-түлік нарықтарындағы жетекші көшбасшылардың бірі болатынына күмән жоқ.
Құрметті ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі саласының ардагерлері мен қызметкерлері!
Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Cіздерді кәсіби мереке - ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері Күнімен шын жүректен құттықтайды! Сізге ұзақ жылдар жемісті өмір, отбасылық бақыт және амандық тілейміз!

Ізгі ниетпен,
Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов
Ақтөбе облысы мәслихатының
хатшысы