Баспасөз хабарламасы

Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты «Ақтөбе-Қандыағаш» автокөлік жолында көлік апатынан қаза тапқан ақтөбеліктердің туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.
Белгілі болғандай, 22 қараша күні таңертең Мұғалжар ауданы Елек кентінің маңындағы автожолда көлік соқтығысуы салдарынан жеті адам қаза тапты.
Облыс жолдарында жолаушылар зардап шегетін көлік апаттары жиілеп кетті. Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты облыстық мәслихат депутаттары Ақтөбе облысының жүргізушілерінен, қонақтарынан және тұрғындарынан көлік жолдарында өте мұқият және сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов
Ақтөбе облысы мәслихатының
хатшысы