Баспасөз хабарламасы

221122Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды.
Облыстық білім, дін істері, мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама, тілдерді дамыту және еңбек инспекциясы басқармаларының басшылары жұмыс тобының және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында бюджеттік шығыстар туралы өз баяндамаларын ұсынды.
«Аmanat» партиясының депутаты Сұлупан Шынтасованың төрағалығымен өткен отырысқа облыстық мәслихаттың депутаттары, жұмыс тобына кірген Қоғамдық кеңестің төрағалары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Мәселен, облыстық басқармалардың басшылары ұсынған ақпараттан көрініп тұрғандай, білім беру саласына 2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығыстары 608,7 миллиард теңгені, тілдерді дамыту басқармасы 375,1 миллион теңгені, еңбек инспекциясы басқармасы 382,3 миллион теңгені, мәдениет басқармасы 14,2 миллиард теңгені құрайды.
Барлық ақпаратты жан-жақты талқылап, баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойып, депутаттар тиісті қаулы қабылдады.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз хабарламасы