Баспасөз хабарламасы

201122№559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді.
Осы учаскеге бекітілген облыстық мәслихаттың хатшысы жұбайымен бірге сайлау учаскесіне дауыс беруге келген Амангелді Нұғманов та өзінің азаматтық борышын атқарды.
- Бұл барлық қазақстандықтар үшін айтулы күн, - деп атап өтті облыстық мәслихат хатшысы. – Біздің әрқайсымыз мемлекетіміздің көшбасшысын таңдау құқығын осылай жүзеге асыра аламыз және сол арқылы мемлекетті басқаруға тікелей қатыса аламыз. Сайлау ашық және ұлттық заңнаманың барлық нормаларына сәйкес өтуде. Сайлау учаскелерінің әрқайсысында кез келген бұзушылықтарды тіркейтін бақылаушылар бар, өңірде ЕҚЫҰ бақылаушылары да жұмыс істейді. Ақтөбеліктердің белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, дауыс беруге қатысатынына күмәнім жоқ.

Алғашқылардың бірі болып, немересі Ульянаямен бірге №559 сайлау учаскесінде Ақтөбенің 65 жастағы тұрғыны Ольга Селезнева дауыс берді.
«Мен алғаш рет 1985 жылы сайлауға қатыстым және бұл өте салтанатты шара болды», - деп еске алады сайлаушы. – Қазір сайлау соншалықты керемет, салтанатты түрде өтіп жатқан жоқ, бірақ азаматтық белсенділік бірнеше есе өсті, өйткені әркім өз кандидатының пайдасына саналы түрде өз таңдауын жасай отырып, дауыс береді. Бұл біздің азаматтық қоғам өз құқықтарына өте мұқият қарайтынын көрсетеді.
№559 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Қарлығаш Әбуова атап өткендей, бұл учаскедегі алғашқы дауыс сағат 7-де берілді.
- Біздің учаскеге барлығы 2285 сайлаушы тіркелген, - деп сөзге қосылды. - Дауыс беру процесін үкіметтік емес ұйымдардан, қоғамдық бірлестіктерден 8 бақылаушы бақылайды.


№559 учаскенің 2285 сайлаушысының 15-і ауруына байланысты үйде дауыс береді, оларға сайлау учаскесінің мүшелері осындай мүмкіндік беріп отыр, сайлаушылардың жалпы санынан 4 адам өздерінің мерейтой 80 жасынан асып отыр.
- Біздің сайлаушыларымыздың 4-і бүгін өздерінің туған күндерін атап өтуде және біз оларды осы айтулы күнмен қуана құттықтаймыз - деді сайлау комиссиясының төрағасы.

Ақтөбе облысы
мәслихатының баспасөз қызметі