Баспасөз хабарламасы

151122Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Ұлттық валюта күніне және ҚР Қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау және ішкі мемлекеттік аудит жүйесінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов, қаржы жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Мерейтой иегерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, облыс әкімі мемлекеттің тәуелсіздігі үшін өзіміздің ұлттық валютамыздың болуының маңыздылығын атап өтті.
- Тәуелсіздік таңында қазақстандық теңгеге көшу маңызды әрі қиын қадам болды, соның арқасында экономика нығайып, әлеуметтік мәселелер шешіле бастады, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Бүкіл әлем Қазақстанды егемен мемлекет ретінде таныды, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Облыстың өкілетті органына сайланғанға дейін шамамен 30 жыл қаржылық бақылау және аудит жүйесінде жұмыс істеген облыстық мәслихаттың хатшысы әріптестерін жылы сөздермен құттықтап, қаржылық бақылау органдарының құрылуы мен қызметінің маңызды кезеңдерін еске алды.


- Тұтастай алғанда, Тәуелсіздік жылдарында қаржылық бақылау органдары ел экономикасының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Қазіргі заманғы талаптар аудиторлық сала қызметкерлерінен жаңа шешімдерді талап етеді және кейде қиын міндеттер қояды. Бірақ Қазақстан тәуелсіздігінің барлық жылдарында қаржылық бақылау органдары өз міндеттерін абыроймен орындап келеді, бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қадағалап, елдің экономикалық өсуі мен әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуде, - деп атап өтті ол.
Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы саланың дамуына қосқан адал еңбегі мен үлесі үшін үздік қаржыгерлер мен ардагерлерге Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын табыс етті.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі