Баспасөз хабарламасы

161122Облыс депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері ҚР Ұлттық банкінің жергілікті филиалының басшысы мен қызметкерлерін валюта Күнімен құттықтады.
Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Әсел Шункеева бастаған облыс депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінің тобы қонаққа барып, Ұлттық банктің Ақтөбе филиалының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Қаржы мекемесінің жұмысымен танысқаннан кейін қонақтар басшылықпен және ұжыммен кездесті және қызметкерлердің жоғары кәсібилігін атап өтіп, әрқайсысына және олардың отбастарына барлық игіліктерді тіледі.

- Еліміздің банк жүйесінің жұмыс істеу принциптері мен әдістері барлық уақытта жоғары кәсібилікпен және өз қызметінде қазіргі заманның барлық озық технологияларын белсенді қолданумен ерекшеленді, - деп атап өтті Әсел Шункеева құттықтау сөзінде.
– Ұлттық валюта кез келген мемлекеттің тарихында аса маңызды рөл атқарады және біздің теңгеміз тәуелсіздік жылдарында еліміздің тұрақты өсіп, өркендеу жолында екенін көрсетті.
Ұлттық банктің Ақтөбе филиалының бірінші басшысы Перизат Асимбетова қонақтарға игі тілектері мен құттықтаулары үшін жылы лебізін білдіріп, қаржы мекемесінің қызметкерлері әрқашан өз жұмыстарын ар-ұждан және абыроймен орындайтынына сендірді.


Кездесу соңында Департаменттің үздік қызметкерлеріне облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғмановтың атынан Алғыс хаттар табысталды. Ұлттық банк филиалының басшысы облыс мәслихатының өкілдері ретінде қонақтарға Қазақстан монеталары туралы кітаптар сыйлады.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі