Баспасөз хабарламасы

111122Депутаттар Статистика саласы қызметкерлерін құттықтады.
Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Әсел Шункеева бастаған облыс депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінің тобы Статистика департаментінің қызметкерлерін кәсіби мереке – Статистика қызметкері күнімен құттықтады.
Департамент бөлімдерінің жұмысымен танысып, қонақтар басшылықпен және ұжыммен кездесті және қызметкерлердің жоғары кәсібилігін атап өтіп, олардың отбасыларына амандық және әрбір қызметкерге мансаптық өсу тіледі.

- Еліміздің статистикалық қызметі жұмысының принциптері мен әдістері барлық уақытта жоғары кәсібилікпен және өз қызметінде қазіргі заманның барлық озық технологияларын белсенді қолданумен ерекшеленіп келеді, - деп атап өтті Әсел Шункеева құттықтау сөзінде. – Егер жалпы ел туралы айтатын болсақ, Қазақстанның мемлекеттік Статистика қызметі мемлекет талап ететін әртүрлі ақпаратты жүйелеу және сақтау бойынша өте маңызды жұмыс атқаруда.


Кездесу соңында Департаменттің үздік қызметкерлеріне облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғмановтың атынан алғыс хаттар табысталды.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі