Баспасөз хабарламасы

121122Депутаттар өңірге сұйытылған газ жеткізу бойынша проблемалық мәселелерді қарады.
Бұл мәселе облыстық мәслихат депутаты Әсел Шункееваның төрағалығымен өткен уақытша комиссияның отырысында қаралды.
Уақытша комиссияның жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, облыс Қоғамдық кеңесінің мүшелері, «Ақтөбе облысы бойынша сұйытылған газ жеткізушілер Қауымдастығы» ЗТБ өкілдері, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ газ және газбен жабдықтау бөлімінің басшысы қатысты.
Қарастырылып отырған мәселенің мәні, уақытша комиссия бұрын белгілегендей, қазір өңірде айына 3,5 мың тонна көлемінде сұйытылған газ тапшылығы байқалады.


- Облыста сұйытылған газдың қажеттілігі айына 15 мың тоннаны құрап отыр, - деді Әсел Шункеева. - Уақытша комиссия мүшелері қолда бар ақпарат негізінде бұл мәселені жан-жақты талқылап, нақты шешімге келуі тиіс.
Талқылау барысында облыстағы газ тапшылығының негізгі себебі оның АЖМС және ГТС арасында әділетсіз бөлінуінде екені анықталды.
Комиссияның кейбір мүшелерінің пікірінше, бұған ГТС манипуляциялық әрекеттері себеп болуы мүмкін.
Кең талқылаудан кейін уақытша комиссия мүшелері отырыста «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ газ және газбен жабдықтау бөлімінің басшысы және «Ақтөбе облысы бойынша сұйытылған газ жеткізушілер Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы ұсынған ақпаратты назарға алу қажет деп шешті.
Бұдан басқа, ҚР ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын қалыптастыру Қағидаларын өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылданды. Жедел шешім қабылдау үшін облыс аумағында сұйытылған мұнай газын жеткізуге арналған негізгі өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның құрамына Ақтөбе облысының аумағына сұйытылған мұнай газын жеткізу мәселесін қарау жөніндегі уақытша комиссияның мүшелерін қосу ұсынылды.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі