Баспасөз хабарламасы

141122Депутаттар, ардагерлер және облыстық мәслихат аппараты үш шақырылым депутаты Талғат Салфиковты 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғманов мерейтой иесіне Құрмет грамотасын табыс етті.
Ол депутат - мерейтой иесінің халықтың осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге және біздің өлкемізді дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.
- Депутат Талғат Салфиков өзінің туған өлкесіне деген адалдығы мен сүйіспеншілігінің адами қасиеттерін бірнеше рет дәлелдеп, өзінің туған ауылына үлкен қайырымдылық көмек көрсетіп, белсенді депутаттардың бірі ретінде біздің облыстың қоғамдық өміріне жан - жақты қатыса отырып, халық қалаулысының ауыр жүктерін абыроймен көтеріп келеді, - деп атап өтті облыстық мәслихат хатшысы.


«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы директоры Келдібай Еспағамбетов мерейтой иесін жылы лебізімен құттықтап, қоғам қайраткері және облыстық мәслихат депутаты Талғат Салфиковке ұзақ жылдарға жемісті қызмет тіледі.
«Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, еңбек ардагері, Серік Ботағарин де еңбегі мен халыққа адал қызметі үшін жылы лебіздерімен құттықтауға қосылды.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі