Баспасөз хабарламасы

021122Облыстық мәслихат жанынан жер қойнауын пайдаланушылар қызметінің мониторингі жөніндегі уақытша комиссия құрылды.
Оның құрамына облыстық мәслихат депутаттары, облыстың қоғамдық кеңестің мүшелері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді.
Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғмановтың төрағалығымен өткен комиссияның бірінші ұйымдастыру отырысында уақытша комиссияның төрағасы және оның орынбасары сайланды, уақытша органның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер және оның қызметі бойынша алғашқы ұсыныстар айтылды.


– Уақытша комиссияның міндеті - облыста пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатын барлауды немесе өндіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мониторинг жүргізу, - деп нақтырақ түсіндірді төрағалық етуші. - Мониторинг нәтижелері бойынша комиссия мүшелері шешім қабылдау үшін облыс басшылығына ұсынылатын тиісті негіздемесі бар нақты ұсыныстар әзірлейді.
Отырыс барысында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, комиссия құрылымы құрылды.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі