Баспасөз хабарламасы

Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты «Қобда-Жиренқопа» автожолында көлік апатынан қаза тапқан ақтөбеліктердің туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.
Өздеріңіз білесіздер, 30 қазанға қараған түні екі көліктің соқтығысуы салдарынан сол жерде үш адам өмірден өтіп, бақилық болды.
Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстық мәслихат депутаттары Ақтөбе облысының қонақтары мен тұрғындарынан автожолдарда өте мұқият және сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі