Баспасөз хабарламасы

301022Үйлесімсіздікті жою, жағдай туғызу.
Ауыл проблемаларын шешпей, қала проблемаларын шешу мүмкін емес. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясының жалпы отырысында облыс әкімі бұл мәселеге депутаттардың назарын аударды.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғмановтың төрағалығымен өткен сессияда облыстық мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды. Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, облыстың қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен қорғаныс күштері ведомстволарының басшылары қатысты.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлкасима Сүйентаева депутаттарды облыс бюджетіне ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар жобасымен таныстырды. Оның айтуынша, бюджет қаражатын үнемдеу, игермеу және қайтару есебінен алынған жалпы сома 6,5 миллиард теңгені құрайды.
Бұл соманы білім беру, спорт және денсаулық сақтау объектілерін салу, инженерлік коммуникациялар, елді мекендерді газбен жабдықтау, жолдарды жөндеу және т. б. үшін облыстық басқармалар арасында бөлу ұсынылады.

2,5 миллиард теңгені білім басқармасына, 61 миллион теңгені денсаулық сақтау басқармасына, 375 миллионнан астамын мәдениет басқармасына, 366,6 миллион теңгені спорт басқармасына және т.б. бөлу жоспарлануда.
Атап айтқанда, Қарғалы ауданында су құбыры желілерін қайта жаңартуды аяқтау және 8 жаңа газбен жабдықтау объектілеріне (Ащысай, Қиялы және Ұлғайсын, Полтавка, Покровка, Шевченко және Қызылжар, Аққайың, Жерұйық, Хазретовка) жобалау-сметалық құжаттама дайындау жоспарлануда.
Комсомольское кентіндегі мектептің, Ақтөбедегі №12 мектептің құрылысын жалғастыру үшін 150 миллион теңге бөлу қажет. Шұбарқұдық кентінде жүзу бассейні мен Богетсай және Бестамақ кенттерінде ангар үлгісіндегі спорт кешендерінің құрылысын жалғастыру үшін тағы 68,5 миллион теңге бөлу ұсынылады.


Сөз аяқталғаннан кейін депутаттар баяндамашыға бірқатар сұрақтар қойып, тиісті шешім қабылдады.
Сессияны қорытындылай келе, облыс әкімі Ералы Тоғжанов ауылдық жерлердегі проблемаларды жою үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажеттігін тағы да еске салды.
- Егер ауыл мәселесін шешпесек, ауылдық өңірлер бос қалып, барлық жастар қалаларға ағылатынын есте ұстаған жөн, - деді облыс әкімі. – Ауыл тұрғындарының жағдайын нығайту үшін «Ауыл Аманаты» жобасы құрылып, іске асырылуда, бұл үшін өңірге 3 миллиард теңге бөлінеді. Жобаны іске асыру халықтың ішкі көші-қонын бірнеше есе төмендетеді, ауыл тұрғындарына қажетті ақша сомасын 2,5 пайызбен алып, өз бизнесімен айналысуға мүмкіндік береді. Басқалармен қатар, экономикалық белсенді ауыл тұрғындарының санын нақты білу үшін ауылдық жерлерге әлеуметтік скрининг жүргізу қажет. Ауылда пайда болған үйлесімсіздікті жою қажет, мал шаруашылығы қазірдің өзінде 90 пайыздан асып отыр, сол себепті көкөніс өсіретін шаруашылықтар құруды жандандыру, пияз, қырыққабат, картоп отырғызу қажет. Өңірде сүт өнімдерінің шамамен 60 пайызы облысқа импортталатын өрескел жағдай орын алып отыр, бұл да түзетілуі керек. Мен облыстық мәслихат депутаттарын «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру жөніндегі жұмысқа қосылуға шақырамын. Бұл жобаның ел үшін қаншалықты маңызды екеніне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қызығушылық білдіріп отыр және біз оған біздің өңірде оның қалай жүзеге асырылып жатқанын міндетті түрде көрсететуіміз қажет, - деп облыс әкімі сессия жұмысын аяқтай отырып, сөзін толықтырды.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі