Баспасөз хабарламасы

0028102022Мәртөк ауданындағы марал шаруашылығының басшысы мен қызметкерлері облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Әсел Шункеева бастаған облыстық мәслихаттың депутаттары мерейтой иегерлерін 5 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғмановтың атынан мерейтойымен құттықтап, ел игілігі үшін адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін алғыс білдірген Әсел Шункеева «Зару» пансионаты мен фермасының директоры Бану Тілегеноваға және марал фермасының бірқатар қызметкерлері мен жұмысшыларынаҚұрмет грамоталарын табыс етті.

Қазір емдеумекемесі жұмыс істеп тұрған марал шаруашылығы Мәртөк ауданында 5 жыл бұрын ашылған және қазір өңірдің жүздеген ақтөбеліктері мен қонақтары сауықтыру рәсімдерін қабылдайтын орын болып табылады.


«Зару» фермасының директоры Бану Тілегенова депутаттарға олардың еңбектері лайықты бағаланғаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.
- Ферма мен емдеумекемесі қызметкерлері барлық ниет білдірушілерге сауықтыру қызметтерін көрсету үшін адал еңбек етуді жалғастырады, - деп атап өтті мерейтой иесі.

Ақтөбеоблысымәслихатының
баспасөзқызметі