Баспасөз хабарламасы

281022Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттар бюджетті нақтылау мәселесін талқылады.
Отырыс жұмысына облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Облыстық мәслихаттың 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы депутаттар алдында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлкасима Сүйентаева баяндама жасады.
Бюджетке нақтылау негізінен бюджет қаражатын үнемдеу, игермеу және қайтару тәуекелі есебінен жүргізіледі. Нақтылаудың жалпы сомасы 6,5 миллиард теңгеден асады.
Бұл соманы құрылыс, ТКШ, медицина, білім беру, кәсіпкерлік, спорт және басқа да салалардағы мәселелерді шешуге бағыттау ұсынылады.


Баяндаманы егжей-тегжейлі талқылап, депутаттар өз сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, белгілі бір жобаларға қаражат бөлудің себептері сұрақ туғызды, себебі, депуттаттардың пікірінше, аталған қаржыны неғұрлым маңызды мәселелерді шешуге бағыттауға болар еді.
- Егер депутаттардың қандай да бір проблемалық жобаларды қосымша қаржыландырудың дұрыстығына күмәні болса, бұл мәселелерді облыстық мәслихаттың алдағы сессиясында талқылауға болады деп ойлаймын, - деп ұсынды облыстық мәслихаттың хатшысы.
Баяндамашыға тағы да бірқатар сұрақтар қойып, депутаттар тиісті шешім қабылдады.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі