Баспасөз хабарламасы

271022Келесі жылдан бастап біздің облыста битум зауытының, ядролық медицина орталығының, тазарту құрылыстарының, Ақтөбедегі мультимодальды көлік-логистикалық хабтың құрылысы басталады.
Бұл облыс әкімі мәслихат депутаттарымен және облыстың қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу барысында бөліскен жақын болашаққа арналған жоспарлардың бір бөлігі ғана.
Кездесуге қатысушыларды құттықтай отырып, Ералы Тоғжанов облыстың аудандары мен ауылдары бойынша көптеген сапарларда оны облыс депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері алып жүргенін атап өтті.
- Қызметке кіріскен сәттен бастап мен облыстың барлық аудандарында болдым, бірқатар шешілмеген мәселелерді бақылауға алдым және олардың көпшілігі шешілді, - деп атап өтті облыс әкімі. – Бұл, мысалы, «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолын ішінара пайдалануға беру, Ақтөбенің оңтүстік айналма жолындағы Елек арқылы өтетін көпірді жөндеу мәселесін шешу. Облыстың қалалары мен елді мекендерін абаттандыру мәселесі бойынша шешімдер қабылданды. Аймақтағы жол құрылысын тежеген үлкен проблемалардың бірі құрылыс битумының тапшылығы болды, біз бұл мәселені де шештік. Келесі жылдан бастап біздің облыста битум зауытының, сонымен қатар, ядролық медицина орталығының, тазарту құрылыстарының, Ақтөбе қаласындағы мультимодальды көліктік-логистикалық хабтың құрылысы басталады.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғманов облыс әкіміне облыстық мәслихаттың құрамы мен құрылымы және оның қызметі туралы баяндап берді.


- Облыстық мәслихаттың 9 сессиясы өтті. Сондай - ақ ағымдағы жылы тұрақты комиссиялармен 55 отырыс өткізіліп, онда 179 мәселе қаралды, - деді ол өз сөзінде.
Депутаттар шақыру басталғаннан бері сессияларда 154 шешім, оның ішінде 39 нормативтік құқықтық актілер қабылданды және бекітілді. 2022 жылы депутаттық корпус аудан әкімдері мен ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қатысты, сайлаушылармен 387 кездесу өткізілді, жеке қабылдау барысында 2 614 адам тыңдалды. Мәселелерді шешу үшін депутаттар атқарушы органдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларына 357 өтініш жолдады. Негізінен депутаттарға жүгінген сайлаушыларды материалдық көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, жолдарды жөндеу және сумен қамтамасыз ету мәселелері толғандырады.
Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Тәттігүл Талаева осы құрылымның қызметі туралы айтып, кеңес мүшелерінің қызметіндегі ең бастысы өңір тұрғындарымен тығыз ынтымақтастық екенін атап өтті.
Ералы Тоғжанов өз кезегінде жыл соңына сәйкес келетін қорытындылар туралы айтып, келешекке арналған жоспарларымен бөлісті. Өңірде 9 ай ішінде тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталғанын айта келе, Ералы Тоғжанов 7 негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштің 6 өсуі байқалғанын хабарлады.
Облыста «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру туралы айта келе, Ералы Тоғжанов ауылдың дамуы мемлекеттің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.
- Биыл республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлініп, 61 елді мекен тұрғындары өз істерін бастау үшін 2,5 пайыз жеңілдікпен несие ала алады, - деді облыс әкімі. - Келесі жылы ауылдар саны ұлғайтылып, қосымша 3,5 миллиард теңге бөлінеді.
Облыс әкімі атап өткендей, Хромтау моноқаласының экономикасын әртараптандыруға ерекше назар аударып, қалада шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты бірқатар проблемалар бар екенін атап өтті. Ақтөбеде ауаның ластануы және жағымсыз иіс сияқты мәселелер де шешуді талап етеді.
- Бұл мәселені шешу үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы өкілдігімен меморандумға қол қойылды, - деп атап өтті облыс әкімі.


Қалада 11 нысан бар, олардың үлестік құрылысына 540 ақтөбелік өз инвестицияларын салған. Бүгінгі таңда олардың жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгені құрайды.
- Қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу үшін мен «Құрылыс кооперативтерінің мәселелерін шешудің Жол картасын» бекіттім, - деді облыс әкімі. - Қазіргі уақытта осы 11 нысанның құрылысын аяқтау үшін әлеуетті инвесторлар табылды. Оларды келесі жылы аяқтау жоспарлануда.
Ералы Тоғжанов көшені жарықтандыру мәселелерін де қозғап, 12 қалалық ұзақ құрылыс нысаны бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау мәселесі шешілгенін хабарлады. «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының екі желісінің (газ тапшылығы жылына 1,6 миллиард долларды құрайды) жұмысындағы шамадан тыс жүктемені еске сала отырып, облыс әкімі «Бұхара-Орал» газ құбырының үшінші желісін салу жобасын «Күшті өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енгізу жоспарланып отырғанын айтты, бұл тапшылықты жоюға мүмкіндік береді.
Кездесуге қатысушылардың облыс әкіміне қойған сұрақтары ауылдағы проблемаларға қатысты, өңірдің жер қойнауын пайдаланушыларының және басқалардың қоршаған ортаның ластануын мұқият бақылау қажеттігі атап өтілді.
- Барлық мәселелер мұқият қаралып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов. - Естеріңізге сала кетейін, біз тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және өңірде қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау үшін барлық бағыттар бойынша жұмысты бірлесіп жалғастыруымыз керек.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі