Баспасөз хабарламасы

241022Облыстық мәслихат депутаттары Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградаларға ие болды.
Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара «Өнер Орталығы» сарайының концерттік залында өтті.
Осы орайда өнер сарайына түрлі кәсіптердің өкілдері, облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің, жеке кәсіпорындардың, қорғаныс күштері ведомстволары мен департаменттерінің қызметкерлері, жастар мен еңбек ардагерлері шақырылды.
Мемлекеттік ту мен Қазақстанның әнұранын салтанатты түрде сахнаға шығарғаннан кейін облыс әкімі Ералы Тоғжанов облыстың барлық тұрғындарын ұлттық мерекемен құттықтап, биылғы жылы қол жеткізген табыстары туралы баяндап, болашаққа жоспарларымен бөлісті.
1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның Егемендігі туралы Декларация қабылданғанын атап өткен Ералы Тоғжанов еліміздің 30 жылдық кезеңінің сәтті аяқталғанына тоқталды.


Облыс әкімі сондай-ақ Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың мемлекет үшін соңғы жылдардағы аса маңызды реформаларды іске асырудағы ерекше рөлін атап өтті.
Содан кейін өткен рәсім барысында облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, белсенді қоғамдық қызметке қосқан елеулі үлесі үшін ақтөбеліктер тобына мемлекеттік наградаларды табыс етті.
40-тан астам ақтөбелік азаматтар «Отан», «Парасат», «Құрмет», «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Облыстық мәслихат депутаттары да жоғары наградаларсыз қалған жоқ.
«Ерен еңбегі» медаліне облыстық мәслихаттың «Amanat» партиясының депутаты Құдайберген Бекенов ие болса, «Жомарт жүрек» медалін облыс әкімі облыстық мәслихаттың «Amanat» партиясының депутаты Сергей Вишнякқа табыстады.
– Мен бұл марапат тек менің ғана емес, өз жұмысында партиямыздың халыққа берген барлық сайлауалды уәделерін жүзеге асыруға бағытталған облыстық мәслихат депутаттарының барлық қызметінің нәтижесі деп санаймын, - деп өз ойымен бөлісті Сергей Вишняк.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі