Құрметтіақтөбеліктер!

0003Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Сіздерді Республика Күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды және біздің еліміз бүкіл әлемге өзінің тәуелсіздігі туралы жариялады.
Біздің мемлекет тілігіміздің негізгі қағидаттары-аумақтың тұтастығы, бөлін бейтіндігі мен қолсұғылмаушылығы, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту болды.
Міне, 32 жылдан бері біздің Қазақстан өзінің даңқты жолының басында жарияланған барлық қағидаттарды сақтаған бейбіт, демократиялық мемлекет болып табылады.

Өзінің 30 жылдан астам даму жолында жас мемлекет өз шекараларының тұтастығын қасиетті сақтай отырып, рухани мұраны, мәдениетті, тілді жандандырады және сонымен бірге көршілеріне деген бейбітшілік қарым-қатынасты, Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдеріне деген жылулық пен сүйіспеншілікті сақтайды.
Қазақстанда біздің өміріміздің әр түрлі салаларында заманауи технологиялар белсенді енгізіліп, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру үшін барынша жағдайлар туғызылуда. Біздің еліміз прогресс пен жасампаздыққа жедел қадамдар жасауда!
Құрметті Ақтөбеліктер!
Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Сіздерді Республика Күні мерекесімен тағы да шынжүректен құттықтайды!
Сіздің шаңырақтарыңызға ынтымақ, отбастарыңызға бақыт пен құт-береке тілейміз!

Ізгі ниетпен,
Ақтөбе облыстық
Мәслихатының хатшысы
Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов