Баспасөз хабарламасы

181022Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ағаш отырғызу сенбілігіне қатысып, өңіріміздің екі ауданына сапарға барды.
Көгалдандыру және абаттандыру акциясына облыс әкімі Ералы Тоғжанов, облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов, облыстық мәслихат депутаттары, қаланың құрылыс компанияларының қызметкерлері мен басшылары қатысты.
Айта кетейік, 15 қазанда санитарлық тазарту бойынша екі айлық аясында күзгі ағаш отырғызу басталды, ол қарашаға дейін жалғасады. Облыс әкімінің, облыстық мәслихат хатшысының және депутаттарының қатысуымен, сондай-ақ құрылыс компанияларының қызметкерлерінің көмегімен саябақта жұпаргүл, мойыл, шетен, шырша, үйеңкі және басқа да көшеттердің 300-ден астам түрлері отырғызылды.
Биыл 60 мыңнанастам көше тотырғызу жоспарланған, бірақ Ералы Тоғжанов олардың санын 100 мыңға дейін арттыруды ұсынды. Облыстық мәслихат депутаты Евгений Лазарчук өңір басшысымен әңгімелесу барысында ағаштарды үнемі және жеткілікті суаруқа жеттігіне назар аударды.


Сол күні облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы Мәртөк және Қарғалы аудандарына барып, кәсіп орындарда, ауыл өнімдерінің өндірістерінде болып, осы өңірлердің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Мысалы, омарташылар өңір басшысымен кездесуде субсидиялар мәселесін көтерді, балық шаруашылықтарының басшылары мықты жем-шөп базасын қалыптастыруға жәрдемдесуді сұрады.


- Ауылдық жерлерде әлі де орын алып отырған проблемаларға қарамастан өңірлердің барлық тұрғындары облыс әкімінің бастамасымен ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі «Ауыл аманаты» жобасын қолдайтынына тап өту өтемаңызды, - деп атап өтті Амангелді Нұғманов. – Бұл жоба ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретінін олар жақсы түсінеді және жобаға қатысуға дайын. Сондықтан, Қарғалы ауданында ауыл тұрғындары «Ауыл аманаты» аясында жеке қосалқы шаруашылықтар базасында мал шаруашылығымен өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша 80 жобаны жүзеге асыруда.

Ақтөбе облысы мәслихатының
Баспа сөз қызметі