Баспасөз хабарламасы

121022Облыстық мәслихатта күзгі дала жұмыстарына фермерлерге арналған жеңілдікпен берілетін дизель отынын бөлу жөніндегі уақытша комиссия құрылды.
Комиссия құрамына облыстық мәслихат депутаттары, облыстың қоғамдық кеңесінің мүшелері, фермерлік орталықтың өкілдерікірді. Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғмановтың төрағалығымен өткен комиссияның бірінші отырысында осы салаға қатысты барлық проблемалық мәселелер талқыланды. Мәселені талқылауға облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы және дизель отынын бөлу операторы болып табылатын «Лидер» ЖҚС басшысы қатысты.
Мәселен, талқылау барысында фермерлік орталық өкілдері жанармайды фермерлік шаруашылықтар арасында тең емес бөлу фактілерін айтты.


- Біршару ашылық, мысалы, 400 тонна солярка алады, ал егістік және жайылымдық жерлері көп көрші шаруашылыққа аз тиеді, - деп Қоғамдық кеңес мүшесі Тәттігүл Талаева өз ойымен бөлісті. - Біздің комиссияның міндеті-себептерді анықтау және осындай себептерді жоюға жәрдемдесу.
Өзкезегінде «Лидер» ЖҚС басшысы жасалған шарттар бойынша 10741,8 тонна жалпы көлемінен фермерлер 9 мың тоннадан астам дизель отынын таң дап алғанынт үсіндірді.


- Отынды іріктеу туралы шарттың қолданылу мерзімі-15 қазанға дейін және қазір отынның қалдығы 1,8 мың тоннадан сәл асады, - деп қосты ол.
Бұлретте, жанар май құю бекеттерінде сақталатын дизель отыны жазғы және аязбасталған кезде проблемалар туындауы мүмкіндеп шағымдана отырып, ол фермерлер мәлімдеген барлық өтінімдер уақтылы және толық көлемде орын далатынын айтты.
Жанар май жеткізу және тарату мәселелерін нақты және жан-жақты талқылай отырып, комиссия мүшелері проблемалардың себептерін мұқият талдап, өз қорытындыларын ұсынуға шешім қабылдады.

Ақтөбе облысы
мәслихатының баспасөз қызметі