Баспасөз хабарламасы

01Құрметті кәсіподақ қызметкерлері, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері!
Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Кәсіподақтары күнімен шын жүректен құттықтайды!
Қазақстандық кәсіподақ қозғалысының қазіргі тарихы 1990 жылғы 10 қазанда Қазақстан кәсіподақтарының XIV съезі өткен уақыттан бастау алып, қазіргі таңда еңбекшілердің құқықтарын лайықты қорғау ісін жалғастыруда.
Кәсіподақ жетекшілері мен қызметкерлері, негізінен, белсенді өмірлік ұстанымы және жоғары ұйымдастырушылық қабілеті бар адамдар.


Біздің елімізде кәсіподақтар жұмысының арқасында жалпыға ортақ еңбек қоғамы белсенді түрде қалыптасуда, ал жұмысшылар лайықты орыналады. Қазір біздің еліміздің Кәсіподақтар федерациясы біртұтас ұйымға біріктірілген және жұмысшылардың мүддесі үшін жұмыс істейтін әр түрлі саладағы жұмысшылардың екі миллион армиясынан тұрады. Қазақстанның кәсіподақтарының негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтарын қорғап, жұмыс берушімен өзара қарым-қатынаста олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту.
Құрметті кәсіподақ қызметкерлері мен кәсіподақ қозғалысының ардагерлері!
Сізге Қазақстаның бекшілерінің құқықтарын қорғау барысындағы қызметтерің ізге жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз. Шаңырақтарыңыз қуаныш пен берекеге толып, отбасыларыңыз бақытты және аман болсын.

Құрметпен,
Мәслихат хатшысы
Ақтөбе облысы
Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов