Баспасөз хабарламасы

051022Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі алдағы президент сайлауына Мемлекет басшысының кандидатурасын ұсынды.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ Орталық кеңесінің кезектен тыс конференциясында бірлестік мүшелері осындай шешім қабылдады.
Конференцияға Ақтөбе облысы мәслихатының хатшысы Амангелді Нугманов басқаратын делегациямен бірге РҚБ-ның 20 аумақтық филиалының делегаттары да қатысты.
Конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары да қатысты. Алдағы ҚР Президентінің сайлауында кандидатура ұсыну мәселесін қарастыра отырып, делегаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына бірауыздан дауыс берді.


Бірлестік төрағасы Төлеубек Мұқашев тұрақсыз геосаяси және экономикалық жағдай кезінде қоғам бірлігі факторы бірінші орынға шығатынын және бірлестік мүшелерінің таңдауы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етуде, Мемлекеттің үдемелі дамуында ерекше рөл атқаратындығына байланысты екенін атап өтті.
- Біздің таңдауымыздың дәлелді себептері бірқатар даусыз фактілер болып табылады, - деп толықтырды Ақтөбе облысы мәслихатының хатшысы. –Біріншіден, қазіргі Мемлекет басшысы экономиканы көтеру, азаматтарымыздың әл-ауқатын одан әрі арттырудың өзекті міндеттерін шешу бойынша белгіленген бағдарламаларды іске асыру үшін қалай және не істеу керектігін өте жақсы біледі. Екіншіден, біз жүргізіліп жатқан саясаттың сабақтастығын, халық өмірінің жоғары стандарттары бар экономикалық күшті, саяси тұрақты және әлеуметтік жауапты мемлекет құру бойынша жүргізіліп жатқан реформаларды одан әрі жалғастыруды жақтаймыз. Үшіншіден, ел Президентінің кандидатурасын елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік базасын қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің кең коалициясынан ұсыну дұрыс болады деп ойлаймын, оған қоғамның әртүрлі топтары: депутаттар, жастар және қарапайым адамдар кіретін республикалық қоғамдық бірлестік кіреді. Бұл халықтың объективті, біртұтас дауысы болады.


Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес Президенттікке кандидатураларды қоғамдық бірлестіктердің атынан олардың жоғары органдары ұсынады. Қоғамдық бірлестіктер осы қоғамдық бірлестікке мүше болып табылмайтын Президенттікке бір ғана кандидат ұсынуға құқылы.
3500-ден астам адам мүше болған «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ ұйымы еліміздің барлық мәслихаттарын біріктірді. Бірлестік құрамында ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, 20 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардың, 163 аудандық, 36 қалалық мәслихаттың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен жастар бар.

Ақтөбе облысы мәслихатының баспасөз қызметі