Баспасөз хабарламасы

070922Облыс жолдарында орын алған ЖКО себептері қозғалыс жылдамдығын асыратын жүргізушілер және жаяу жүргіншілердің жүріс бөлігінен өту ережелерін сақтамауы болып табылады.
9 жерде балалар түрлі жарақат алған 39 қақтығыс жаяу жүргіншілер өткелінде болды. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттарына құқық бұзушылықтың алдын алу жағдайы туралы баяндай отырып, Ақтөбе облысы бойынша полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев хабарлады.
Баяндама облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы барысында тыңдалды. Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.


Қанат Әлиев облыста криминогендік жағдайға әсер ететін көше қылмыстары азайғанын, патрульдік-күзет нарядтарының "дер кезінде" қылмыстардың ашуының жақсарғанын айтты
Жолдардағы оқиғалар туралы айта келе, Қанат Әлиев ЖКО-ның негізгі себептері жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы және қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығуы, сондай-ақ жүріс бөлігінен өту және өту ережелерін бұзуы болып табылатынын атап өтті.
Депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, атап айтқанда, қоғамдық орындарда бейнекамералар орнатуға, Ресейден, Армениядан және ТМД-ның басқа елдерінен әкелінген автомобильдерге техникалық байқау жүргізуге қатысты кейбір ұсыныстарды айтты.


- Шешілуі тиіс проблемалар мен мәселелер әлі де өзекті болып қалуда. Атап айтқанда, бұл автомобильдерге арнайы бөлінген орындарда тұрақ қою мәселесіне қатысты мәселені облыс әкімінің назарына қою қажет. Бұл жерде рульдері оң жақтағы автомобильдер туралы мәселе дұрыс көтерілді, рульдері сол жақтағы көліктерді оң жаққа қайта жабдықтау сапасын тексеру қажет, әйтпесе бұл жол апаттарына әкелуі мүмкін, - деп атап өтті соңында облыстық мәслихат хатшысы.
Бақылау бейнекамераларын, соның ішінде «Сергек» деп аталатын бақылау камераларын сатып алуға және орнатуға кететін айтарлықтай бюджеттік ақшаның қалай жұмсалатынын бақылау қажет. Тек полиция қызметіне ғана қатысты емес, көптеген мәселелерді шешу қажет. Облыстық мәслихат депутаттары «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуына бақылау жүргізуі қажет, халыққа берілген уәделер толық және мерзімінде орындалуы тиіс.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі