Баспасөз хабарламасы

050922Ақтөбе командалары көкпардан ұлттық ат жарыстарында тұғырдың бірінші сатыларын иеленді.
Облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Ақтөбе облысы бойынша Көкпар федерациясының» президенті Атырау қаласында өткен көкпардан «Батыс аумақтық ашық турнир» жарысына БҚО, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарынан 8 команда қатысқанын айтты.
- Ақтөбенің атынан екі команда, негізгі және екінші құрам және екеуі де жарысқа қатысушылардың екі тобында қатысты, – деп түсіндірді Фархат Сансызбай - күрес қатал болды, қарсылас командалар нағыз жігіт рухын көрсетті және табанды күресті, бірақ нәтижесінде шеберлік шыңдалып, біздің ақтөбелік екі команда финалға шығып, бірінші жүлделі орындарды бөлісті.


«Көкпар» Ат спорты бойынша Ақтөбе командасы кәсіби және жарыстарда үнемі жоғары нәтиже көрсетіп жүргендердің бірі болып саналады.


- Біздің Федерацияда қазір 18 ойыншы бар. Бұл жарысқа 12 команда және 6 қосалқы команда қатысады. Барлық ойыншыларға көкпарға қатысуға арнайы үйретілген жылқылар, форма мендәрілер беріледі, - деп қосты спорттық қоғамдық бірлестіктің президенті.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі