Баспасөз хабарламасы

010922Бірлесіп мақсаттарға жетеміз
Ардагерлер, депутаттар және облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері Президенттің «Әділ мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылады.
Қазақстан Президентінің Жолдауын тікелей эфирде осы қоғамдық органның төрағасы бастаған облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері облыстық мәслихат депутаттары мен бірге тамашалады. Сөз сөйлеу аяқталғаннан кейін олар жаңа бағдарламалық құжаттың көп теген тармақтары туралы өзпікірлерін білдірді.
Талқылауға облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нугманов, «Amanat» фракциясының облыстық мәслихат депутаты Сұлупан Шынтасова, «Ақжол» фракциясының облыстық мәслихат депутаты Әсел Шүңкеева қатысты.
Жолдауды талқылау барысында Президенттің елдің 650 ауылындағы медициналық инфрақұрылымды кешенді жақсарту, Медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерді салу және жабдықтау туралы шешімі ардагерлерге ерекше көңіл-күй сыйлады.


- Президенттің назары ауыл тұрғындарының мұқтаждықтарына аударылғаны қуантады, бірінші кезекте бұл қиын жағдайда өмір сүріп жатқан ауыл тұрғындарының денсаулығына қамқорлық жасауға қатысты, - деп атап өтті облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Ахат Мырзалин.
Президенттің зейнетақы жүйесін қайта жүктеу және зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% – на дейін, ал ең жоғарғы мөлшерлемесін 120% - ға дейін жеткізу туралы шешімі ардагерлер мен депутаттарды жігерлендірді.
Мемлекет басшысының Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% - ын балалар 18 жасқа толғанға дейін Арнайы жинақтаушы шоттарға аудару туралы шешімі ақсақалдарды қуантты.


-Қасым – Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы әрбір отбасына елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты табыс алуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ардагер Серік Ботағарин.
- Біздің ақсақал-ардагерлерімізбен облыстық мәслихат депутаттарының алдында үлкен жұмыс тұр. Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында еліміз үшін тағдыршешті шешімдер қабылдады және тек бірлесіп, алға қарай батыл қадам жасай отырып, біз Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді шеше аламыз, - деп түйіндеді өз пікірін облыстық мәслихат хатшысы.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі