Баспасөз хабарламасы

310822Ақтөбе облысы мәслихаттар депутаттарының ашық дауыс берулері нәтижесінде көп дауыс жинаған Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін жаңа басшы ҚР Премьер министрінің орынбасары қызметінде болды. Ақтөбе облысының әкімі лауазымына ұсынылған екінші үміткер Асхат Шахаров аз дауыс алып қалды. Жаңа әкім ҚР Президентінің 2022-ші жылдың 8-маусымындағы №912-ші жарлығының 5,6 пунктеріне сай, облыстық деңгейдегі мәслихат немесе республикалық деңгейдегі қалалық мәслихат және астана депутаттарының облыс әкімі қызметіне тағайындауға рұқсатын беру тәртібімен 2022-ші жылдың 31-ші тамызында депутаттар жиынында тағайындалды.


Депутаттарға облыс әкімі лауазымына үкіметкерлерді таныстырып, ұсыну үшін Нұр-Сұлтаннан ҚР Премьер-минстрі Әлихан Смайылов пен Президент әкімшілігінің жетекшісі Мұрат Нұртілеу келді.
Жиынды Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Амангелді Нугманов жүргізді.
Үкімет басшысы депутаттарға мемлекет басшысының облыс әкімі қызметіне Ералы Тоғжанов пен Асхат Шахаров кандидатурасын қарастыру туралы хатын оқыды. Депутаттарды үміткерлер биграфиясымен таныстырған Премьер-министр, олардың әрқайсысы өңірді басқаруға лайықты, кәсіби шеберлік пен қажетті біліктіліктерге ие екенін атап өтті.


Ашық дауыс беру нәтижесінде, 192 депутаттың 104-і Ералы Тоғжановты қолдады. 56 депутат дауыстарын Асхат Шахаровқа берді.
Облыс активінде Әлихан Смайылов Оңдасын Оразалинге аймақтың дамуына қосқан үлесі үшін алғысын айтып, жаңа басшы алдына президент азаматтардың әл-ауқатын көтеру, туризм, агроөнеркәсіп кешендерін және өзге де салаларды дамыту міндеттерін қойғанын жеткізді. Облыстық мәслихат хатшысы Оңдасын Оразалиннің облысқа сіңірген еңбегін жоғары бағалап, жаңа әкімге жұмысында жеміс тіледі.

Ақтөбе облысы мәслихатының баспасөз қызметі