Баспасөз хабарламасы

01Құрметті ақтөбеліктер!
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды!
Біздің Конституциямыз мемлекеттің негізгі заңы бола отырып, халқымыздың ерік-жігерін, оның еркін және тәуелсіз болуға деген ұмтылысын толық көрсетеді.
Біздің мемлекетіміздің Негізгі Заңы-бұл еліміздегі тұрақтылықтың, тыныштық пен келісімнің кепілі. Біздің Конституция-мемлекетіміздің демократиялық дамуының берік іргетасы!
Еліміздің басты құжаты азаматтарымыздың негізгі құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Біздің Конституциямыздың арқасында қазақстандықтар еліміздің дамуындағы тұрақтылық, келісім және игілік жолында нық қадам басып, болашаққа сеніммен қарайды.


Осы мереке күні барлық ақтөбеліктерге бейбітшілік, келісім және тұрақтылық тілейміз! Әр отбасында тек бақыт пен амандық болсын!

Нугманов А. Ш.
Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы