Баспасөз хабарламасы

260822Облыстық мәслихат депутаттары білікті кадрларды даярлау және жұмыспен қамту бағдарламаларының орындалуы мәселелерін талқылады.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар және білім беру басқармасының басшылары Депутаттар алдында осы мәселелерді қозғады.
"Ақжол" фракциясының депутаты Әсел Шункееваның төрағалығымен өткен Әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысына облыстық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Баяндамашылар облыста қазіргі уақытта 17 020 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 5853 тұрақты жұмыс орны құрылғанын хабарлады. Жыл басынан бері 31 252 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Статистика департаментінің деректері бойынша, облыстағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 2022 жылдың 1 тоқсанында 4,8% құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен.


Еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлау жағдайы туралы айта келе, облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан білім беру мекемелерінде (колледждерде) қазіргі уақытта кадрларды даярлау еңбек нарығында сұранысқа ие 82 мамандық және 138 біліктілік бойынша жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.


- Егер соңғы үш жылдағы түлектер динамикасын қарастыратын болсақ (педагогикалық мамандықты қоспағанда), онда жылдан жылға түлектер санының тұрақты өсуі немесе азаюы байқалмайды, - деп қосты Жолдас Батырхан.
Баяндамашылардың сөздерін талқылап, бірқатар сұрақтар қойып, депутаттар тиісті қаулы қабылдады.

Ақтөбе облысы мәслихатының баспасөз қызметі