Ақтөбе облыстық мәслихаты

1Құрметті Отан қорғаушылар!
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Сіздерді шекарашылар күнімен және шекара әскерлерінің құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтайды!
30 жыл бұрын, 1992 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті шекара әскерлерін құру туралы жарлық шығарды. Міне, үш онжылдық бойы біздің еркін және Тәуелсіз Қазақстан шекарашылардың шексіз және батыл қызметінің арқасында өз шекаралары мен аумақтық тұтастығын сенімді қорғап келеді.
Біздің Отанымыздың шебін қорғаушылардың мойнында қандай жауапты міндет тұрғанын түсіну үшін Қазақстанмен көршілес мемлекеттермен шекараның жалпы ұзындығы 15 мың шақырымнан астамды құрайтынын, осы шекараның әрбір метрі біздің іске және өз Отанымызға берілген шекарашылармен сенімді қорғалғанын білу қажет.


Бүгінгі ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі-бұл Әкелер мен аталардан мұраға қалған жауынгерлік дәстүрлер. Бұл заманауи, жоғары технологиялық қорғаныс қару-жарақтарымен жарақтандырылған, трансшекаралық қылмыстылықтан, халықаралық терроризм мен экстремизмнен, заңсыз көші-қоннан сенімді тосқауыл.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймыз және біздің азаматтарымыздың әрбір қорғаушысына жұмыста үлкен табыс, бақыт пен амандық тілейміз!

А. Ш. Нугманов Ақтөбе облысы
мәслихатының хатшысы